Бұл әлемді сенімен бірге көреміз
КОНЦЕРТ
Корпоротивтік қайырымдылық форумының аясында
«Samruk-Kazyna Trust» қолдауымен
24 ақпан күні «Астана Опера» театрының Үлкен залында «Бұл әлемді сенімен бірге көреміз» атты қайырымдылық концерті өтеді.
Концертке қатысатындар:
Гектор САНДОВАЛ, Ресей Үлкен театрының шақырылған солисті (Мексика/Австрия, тенор)
Айгүл НИЯЗОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (сопрано)
Медет ШОТАБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (тенор)
«Астана Опера» симфониялық оркестрі және хоры
Дирижер – Марко БОЭМИ (Италия)
Бас хормейстер – Ержан ДӘУІТОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Бағдарламада қазақстандық және батысеуропалық композиторлар шығармашылығынан әйгілі ариялар (А.Жұбанов және Л.Хамиди, Г.Доницетти, Дж.Пуччини), оркестрлік шығармалар (И.Штраустың «Жарғанат» опереттасынан увертюра және «Аңшылықта» полькасы, Е.Рахмадиевтің «Құдаша-думаны»), неаполитан әндері, Л.Армстронг пен Дж.Гершвиннің музыкаларынан попурри және т.б.
Ұзақтығы – 1 сағат