«Жақындарыңызбен қоштаспаңыз»

«Сүйікті адамдарыңыздан ажырамаңыздар» - жалынды махаббат сезімінен бір-біріне деген жек көрініш алауына дейін жеткен ерлі-зайыптылардың өмір тарихы. Әркімнің өз хикаясы, ажырау және жақсы көрудің өз себептері бар. Бірі махаббаты үшін күресте күшін аямаса, екіншілері бір кездегі сүйікті адамын өмірінен еш ойланбастан сызып тастай алады. Әңгіменің басты кейіпкерлері - сезімдері ауыр сынақтан өтіп жатқан Митя мен Катя. Реніш, ұрыс-сөгіс пен түсініспеушілік пәк сезімдерді жойып тастайтын тағдыршешті сәттің түбірі неде? Жылдар бойы әлпештеп құрған дүниені қалайша әп-сәтте оңай бұза саламыз..? Махаббат біздің өмірімізде қандай орын алады? Спектакльде дайын жауаптар жоқ: әркім өз бетінше сезініп, өз пікірін өзі табатын болады.