«Жаңа өмір» иммерсивті театр қойылымы
Бұл қарапайым театрландырылған қойылым емес, ол сіздің қолыңызбен жасалынатын бір тұтас әлем. Көрермендер қатысушы болып, ал қатысушылар жасаушылар болмақ. Спектакль аясына кіре салысымен, сіздер осы әлемде өзіңіздің кім болатынын таңдайсыздар. Зерттеуші, жасампаз, бұзақы немесе бақылаушы - кім болғыңыз келсе де, өз еркіңіз.
Әрбір қадам сіздердің алдарыңыздағы жаңа тарауды ашады. Алайда бұл жерде өмір біркелкі емес. Қойылым шындығы сіздің таңдауыңызға байланысты өзгереді, оқиға желісімен ілесіп, жарық пен жағдай жанданады.
Қатысушылар ортақ бейбіт әлем құру үшін күш біріктірген сәтте оқиға өз шарықтау шегіне жетеді. Ол әлемнің заңдарын, атмосферасы мен тарихын өздеріңіз анықтайсыздар. Бірақ кештің соңында әрбір қатысушының алдында мынадай сұрақ туындайды: сіз бұл тәжірибені өз өміріңізге алуға дайынсыз ба, әлде оны қойылымда қалдырып, қызықты, жарқын естелік ретінде ғана сақтайсыз ба?
Әрбір қойылым өз бетінше бірегей әрі ерекше, әр көрермен өз Әлемінің басты кейіпкері танылады.
Бағалары:
17.000 (Стандарт) Бағдарламаға стандартты қатысу
54.000 (Vip) бағдарламаға стандартты қатысуды және қоюшы режиссер, ойын теориясының сарапшысы Александр Андреевпен ұзақтығы 1 сағат болатын жабық кездесуге қатысуды қамтиды. Бұл билеттерді ұстаушылар дербес кері байланыс пен алынған тәжірибені нақты өмірге ықпалдастыру стратегиясын алады.
Бағдарлама:
Тіркелу және адам жинау
Танысу және іс-шара ережелері
Контекстке кіру
Негізгі бөлім, Контексттен шығу, Ой-пікір қалдыру, Сұрақ-жауап
Қорытынды
(қажеттілік бойынша антрактілер қойылады)