rebranding

«Барокко стиліндегі Рождество»

Өтетін орны: Астана қ., Astana Opera

Күні: 24 желтоқсан, 2023

Уақыты: 17:00

Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут

Жас шектеуі: 10+

Қосымша: Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.

 

 

 

 

Рождество және жаңа жылдық мерекелер қарсаңында көрермен қауым «Барокко стиліндегі Рождество» концертін тамашалап, классикалық музыка жауһарларына рақаттана алады.

Бағдарламаға танымал рождестволық әуендер, сондай-ақ батыс еуропалық классик композиторлардың вокалдық және аспаптық шығармалары енген.

Аталмыш музыкалық кеш өнерсүйер қауымға Жаңа жыл алдындағы керемет көңіл күй сыйлары сөзсіз.

Рождестволық концертті солистер, Anima di Barocco ішекті аспаптар ансамблі және Қазақ ұлттық өнер университеті Хор капелласының камералық құрамы ұсынады.

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Әсем СЕМБИНА (сопрано)

Мәдина ИСЛАМОВА (сопрано)

Гүлдана АЛДАДОСОВА (сопрано)

Татьяна ВИЦИНСКАЯ (меццо-сопрано)

Батыржан СМАҚОВ (контртенор)

Әлихан ЗЕЙНОЛЛА (тенор)

Асель ЖАҚИЯНОВА (скрипка)

Любовь ТКАЧЕНКО (арфа)

Фортепиано партиясы – Раушан БЕСКЕМБИРОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қазақ ұлттық өнер университеті Хор капелласының камералық құрамы (хормейстер – Марина БУХВАЛОВА)

Anima di Barocco ішекті аспаптар ансамблі (көркемдік жетекшісі – Раиса МҰСАҚОЖАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері)

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.