rebranding
97 адам соңғы сағатта олар бұл оқиғаға қызығушылық танытты.

«Ромео и Джульетта» мюзиклі«Ромео и Джульетта» мюзиклі

10 маусым мен 07 шілде аралығында Астана қаласының Бейбітшілік және Келісім Сарайында «Ромео мен Джульетта» мюзиклі өтеді.

Шығарманың негізіне Уильям Шекспирдің классикалық пьесасы бойынша жазылған Жерар Пресгюрвиктің француз мюзиклі арқау болып отыр.   

Шекспир пьесасы осы стильде өзгертуге толыққанды материал болып отыр, дәл осы мүмкіндікті француз композиторы, ақын және әнші Жерар Пресгурвик ұтымды пайдаланып қалды. Ол шекспирлік мәтіннен бас тартып, оқиғаныың негізгі түпнұсқа сюжетін сақтай отырып, өз сөзімен қайта әңгімелеп береді. Пресгурвик өзінің либреттасынан кейбір қосалқы кейіпкерлерді тысқа тастап, жаңа аллегориялық кейіпкерлерді – Өлім мен Ақынды енгізді.  

Әйгілі Ромео мен Джульетта оқиғасын суреттейтін мюзикл адам бойындағы  қанды кек пен қызғанышты, менменшілдік пен пендешілік сынды қасиеттерді жеңген мөлдір махаббат туралы болмақ. Ромео мен Джульетта тек қана ескі көзқарастар мен қатынастарға қарсы шығып қана қоймай, олар жаңа өмірге үлгі болды. Олардың арасын қастық бөле алмады, оларды махаббат қосты. Олардың махаббаты сұлулыққа сүйсінуден туындады, адамның ұлылығына деген сенімнен және онымен өмірде қуанышты бөлісуге тырмысуынан туындаған. «Астана мюзикл» театрының талантты актерлары көрерменге ұмытылмас махаббат оқиғасын сыйлайды.  

Аударма авторы Г. Салықбай.

Қоюшы режиссеры Асхат Маемиров