«Арфа романтикасы»
«ОПЕРАЛИЯ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ
Концерт-фантазия
«Арфа романтикасы»
Елизавета Александрова (Санкт-Петербор, Ресей)
КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ
«Астана Опера» театры «Опералия» халықаралық фестивалі аясында опералардың тақырыптарына фантазиялар шырқалатын «Арфа романтикасы» музыкалық кешін ұсынады. Концерттің қонағы – белгілі ресейлік арфашы Елизавета Александрова (Санкт-Петербор) және «Астана Опера» оркестрінің әртістері.
Концерт бағдарламасында Г.Доницетти, Дж.Россини, В.Беллини, Ж.Оффенбах, П.Чайковский, Д.Хенсон сынды классик композиторлардың туындылары шырқалады.
Елизавета Александрова – «Санктъ-Петербургъ Опера» театрының солисі, Мәскеу, Санкт-Петербор, Болгарияда өткен халықаралық байқаулардың лауреаты.
Швеция, Финляндия, Германия, Болгария, Голландияда жеке концерттерімен өнер көрсетті.
2005 жылдан бастап – Ресей арфа қоғамының басқарма мүшесі.
Концерттік қызметін Н.А.Римский-Корсаков атындағы Санкт-Петербор мемлекеттік консерваториясында арфа және камералық ансамбль сыныбында оқытумен белсенді үйлестіреді.
2012 жылы Санкт-Петербор Үкіметінің қолдауымен Ксения Эрдели атындағы «Хрустальный ключ» халықаралық арфашылар байқауының ұйымдастырушысы болды.
БАҒДАРЛАМА:
Г.Доницетти–Дж.Тома. Екі арфаға арналған «Лючия ди Ламмермур» операсының тақырыптарына фантазия
П.Чайковский–А.Измайлов. Үш арфаға арналған «Иоланта» операсының тақырыптарына трио
П.Чайковский–В.Кикта. «Пиковая дама» операсының тақырыптарына фантазия
Дж.Россини–Ш.Бокса. «Севильдік шаштараз» операсының Zitti-Zitti тақырыптарына фантазия
Г.Доницетти–Б.Чаттертон. «Махаббат сусыны» операсының тақырыптарына фантазия
В.Беллини–Э.Пэриш-Альварес. «Норма» операсының тақырыптарына фантазия
Дж.Россини–Ш.Бокса. «Көл ханымы» (La Donna del lago) операсының тақырыптарына фантазия
Ж.Оффенбах–А.Сноер. «Гофман ертегілері» операсынан баркарола
Д.Хенсон-Конант. Ж.-Ж. Руссо тақырыбына барокколық фламенко
ОРЫНДАУШЫЛАР:
Елизавета АЛЕКСАНДРОВА (Санкт-Петербор)
Любовь ТКАЧЕНКО
Айнұр ҚАМАЛОВА
Диляра ҚАЛДЫБАЕВА
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.