Юнона және Авось Рок-операсы Қарағанда қаласында
«Юнона және Авось» - ресей сахнасындағы ең танымал рок-опера. Туындының авторлары теңдесіз орыс композитора Алексей Рыбников және ақын Андрей Вознесенский. «Юнона және Авось» рок-операсының авторлық нұсқадағы қойылымын РФ халық әртісі, РФ Мемлекеттік марапатының лауреаты, РФ Президенті марапатының лауреаты, композитор Алексей Львович Рыбниковтың жетекшілігіндегі Мәскеудің мемлекеттік шығармашылық шеберханасы жасап шығарды.
Спектакльде жаңа буынның жарқын жұлдыздары, керемек мәскеулік әртістер өнер көрсетеді. Граф Николай Резановтың рөлінде ағайынды Никита мен Александр Поздняковтар («Дауыс» жобасының қатысушылары), Театр және кино актері Николай Дроздовский таңдалған. Кончитаның рөлін Светлана Бакаева, Анна Буркина, Наталья Крестьянских, Диана Орловская ойнайды. Спектакльге Алексей Рыбников театрының жетекші актерлері Екатерина Кульчицкая, Николай Лютов, Ив Набиев («Табыс» жобасының жеңімпазы) қатысады.
«Юнона және Авось» рок-операсының тұсаукесері 1981 жылы Ленин комсомолы атындағы Мәскеу театрының сахнасында өтіп, 40 жылдан астам уақыт бойы үздіксіз табыспен және толық аншлагпен жүріп келеді. 1983 жылы атақты француз кутюрьесі Пьер Карден «Юнона және Авосьті» француз көрермендеріне «Эспас Карден» театрында таныстырды, содан кейін бүкіл әлем бойынша: АҚШ, Германия, Голландияда триумфалды гастрольдер болды. Кейіннен опера Польша, Венгрия, Чехия, Германия, Оңтүстік Кореяда қойылған.
2009 жылдың жазында Францияда, Пьер Карден халықаралық фестивалінде Алексей Рыбников театры «Юнона және Авось» рок-операсының жаңа қойылымын ұсынды. Алексей Рыбниковтың толық авторлық нұсқасы әлемдік музыкалық театр жанрындағы маңызды жаңалық болып табылып, авторлардың бастапқы идеясын қайта жандандыруға бағытталған. Операның жаңа нұсқасында орыс рухани музыкасының дәстүрлері, халық фольклоры, композитордың бейнелі, идеялық және эстетикалық басымдықтарымен бұқаралық «қалалық» музыка жанрлары үйлесімді біріктірілді.
«Юнона және Авось» Ресей аумағында да, шетелде де ең танымал және кең сұранысқа ие рок-опералардың бірі болып табылады. Алексей Рыбников театрының қойылымындағы «Юнона және Авось» рок-операсын АҚШ, Канада, Германия, Франция, Швейцария, Израиль, Финляндия, Литва, Латвия, Эстония, Украина, Беларусь, Қазақстан, Әзірбайжан сияқты елдердің көрермендері тамашалады. Театр Ресей аумағы бойынша Калининградтан Владивостокқа дейін, Архангельскіден Владикавказға дейін жылына 50-ден астам спектакль қойып келеді.