«Ревизор»

Гоголь «Ревизор»

/трагифарс/

Нұрқанат ЖАҚЫПБАЙ

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Көптеген режиссер мен актер шығармашылығының қиялына ерік берген Н.Гогольдің «Ревизоры» Жастар театрының сахнасында өзгеше екпінмен, ерекше шабытпен, қайталанусыз бағытпен театр әлеміне жол тартты.

Мұнда бірде-бір жағымды кейіпкер жоқ. Олардың бітім-болмысы көз бояушылықтан, жағымпаздықтан тұрады. Қойылым қоғамымыздағы осындай қайсыбір келеңсіздіктерді заманауи пайымдауда әжуалайды.