Ретро концерт

Филармония ұжымдары ХХ ғасырдың ортасынан аяғына дейінгі танымал музыканың ең үздік нұсқаларын жинады. Үрлемелі оркестрге ыңғайланған шығармалар өзгеше болғанымен, қазақстандықтар арасында кеңінен танылған.

Концерттік бағдарламаны атақты қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқовтың әндеріне арналған вальс ашады.

Ауқымды шығармадан кейін көрермендер Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы балалар студиясының тәрбиеленушілерінің орындауындағы ең танымал кеңестік композиторлардың бірі Александр Зацепиннің көңілді «Көктем вальсі», «Бәрінен де сен сұлу» әнін тыңдайды.

Ретро-концерт бағдарламасында Нұрсәт Алмас «Тақиялы періште» фильмінен сүйікті кинохит авторының тағы бір әні «Тыңда» әнін орындайды.

Орындалатын хит әндер қатарына басқа да туындылар кіреді, атап айтар болсақ, олар өткен ғасырдың культтік саундтректерінің композиторы Эдуард Артемьевтің «Свой среди чужих, чужой среди своих» кинотаспасынан алынған музыка, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арайлым Рахым орындауындағын қазақ заманауи әнінің негізін қалаушы Ескендір Хасанғалиевтің «Анаға сәлем» және Мұратбек Хайролданың орындауындағы «Сағындым сені» әндері.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева композитор А. Бабаджанянның «Ноктюрн» әнін орындайды, ал филармония орындаушысы Парасат Отан елімізде халық әртісі Роза Бағланова мен аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобының арқасында танымал болған поляк халық әнінің «Сұлу қыз» әнін шырқайды.

Ретро-концерттің Е. Интыкбаевтың «Қазақ елі» қорытынды әнін  Халықаралық байқаулардың лауреаты Әкімхан Мәженов және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Ақбота Құснадин сияқты шоқжұлдыз әншілер көпшілік назарына ұсынады.

Әр заманның және халықтардың танымал әндері, өткен жылдардағы алтын хиттер ұрпақаралық құндылыққа ие. Олар жастық шақты, жарқын естеліктер мен тәжірибелерге толы тамаша уақытты еске түсіреді. Бұл музыка өмірдің есте қаларлық сәттерін - достармен және жақын адамдармен кездесулерді, мектептегі би кештерін, мектеп бітіру кештерін, үлкен әлемге аттаған алғашқы қадамдарды сүйемелдеген...

Үрлемелі оркестрдің көркемдік жетекшісі Никита Почиталин. Үрлемелі оркестрдің дирижері Алексей Терещенко.

Эстрадалық вокал бөлімінің көркемдік жетекшісі Арайлым Рахым.

Классикалық вокал бөлімінің көркемдік жетекшісі Роза Шотқалиева.