Шын мәнінде болмаған тілдесу
Балалық шағымызда әрқайсымыздың әлемдегі ең жақын, ең адал досымыз болған шығар. Онымен бірге ақ пен қараны да, жақсы мен жаманды да, қызық пен қорқынышты да бірге өткеріп, достығымыз мәңгі болады деп ант берген едік. Алайда жылдар өте келе, сіздер ұрыспай, дауласпасаңыздар да, араларыңыз алшақтап, бұрынғы достықтарыңыз жоқ болып кетті, солай емес пе? Әрине, сіздер өздеріңізді әлі де дос санайсыздар, алайда үйреншікті тілдесу мен кездесулер барған сайын сиреп барады.
Родион Белецкийдің «Шын мәнінде болмаған тілдесу» пьесасына негізделген трагикомедия дәл осындай достардың кездейсоқ кездесуі туралы сыр шертеді. Олар өткен күндерді, жастық шақтарын жылы шырайлы еске алады. Әңгіме барысында кездесудің мүлде кездейсоқ болмағаны аңғарылады. Бір дос екіншісіне әлдебір маңызды затты айтуы керек екен болып шығады... Әлде бұл тілдесу шын мәнінде болмаған да ма?