rebranding

Бір, екі, үш... Бойға жинап күш... Машенька серуенге шығады. «TOTAL FEST. Диалогтар»

«TOTAL FEST. Диалогтар» ІІІ Халықаралық театр фестивалі аясында «Тотальный театр» компаниясының ұжымы әлемнің түкпір-түкпірінен: Магнитогорск, Омбы, Санкт-Петербург, Мәскеу, Қарағанды, Алматы, Таллин, Венадан келген жасөспірімдер мен жастарға арналған үздік қойылымдарды жинады.

Фестиваль Алматы қаласында 2024 жылдың 7-14 сәуірі аралығында өтеді.

Құрбысының көлеңкесінде қалмай, өз-өзін танытып, болмысын көрсетіп, бой көтеруі керек Маша есімді қыздың 13 жылдық жалғыздық оқиғасы. Оқиғаның басты кейіпкері жасөспірім болғанына қарамастан, қойылым кез келген жастағы көрермендердің жүрегінде өз орнын таба білер, себебі есею мен бақыт жолын іздеу туралы маңызды мәселелер адам баласына әр жасында да таныс. 

Марапаттар: «Омбы қаласындағы эксперименталды театр апталығы», ГРАН-ПРИ және «Көрермендер көзайымы жүлдесі» фестивалі

Орындаушылар: Мария Злобина, Татьяна Трошина, Александр Федосов, Наталья Козловская, Николай Козлов