Құнанбай мен Абай

Қойылымда Абай қазынасының заман мен уақыт төрелігіне бағынбайтын мәңгілік, өзекті, өміршең, сарқылмас мұрасы – поэзиясы, әндері мен ғақлиялары қолданылды. Жаны мен тәні үйлесім тапқан әке мен бала арасындағы парасатты ой-тұжырымдар, адамгершілік келбет, адамзаттық құндылықтар сынды көптен көкейде жатқан өзекті дүниелер аясында тіл табысқан қос ұрпақтың рухани байланыс құрғанына куә боласыздар.