63 SEASON QAZAQCONCERT «GALA OPENING»

63 SEASON QAZAQCONCERT

Өтетін орны: «QAZAQSTAN» ОКЗ (Мәңгілік ел, 10/1)

Күні: 2 қыркүйек 2023 жыл

Уақыты: 18:00

Жанр:

Ұзақтығы: 

Жас шектеуі: 

Қосымша:

 

 

 

«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы 63-ші жаңа концерттік маусымының салтанатты ашылу рәсімін өткізеді.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «GALA OPENING» жобасы аясында мәдениет майталмандары мен шет мемлекеттерде ұлттық өнерді дәріптеп жүрген талантты музыканттар көрермендер назарына ұсынады.

Іс-шараға «Қазақконцерттің» өнер ұжымы мен солистері, «ASTANA MUSICAL» мемлекеттік театры, «FORTE TRIO» мемлекеттік триосы, «TURAN» этно-фольклорлық ансамблі, «Saz&Soul» тобы, «Гүлдер» ансамблі, «Астана сазы» фольклорлық ансамблі, «Халық қазынасы» дәстүрлі өнер орталығы, эстрада және классикалық өнер бөлімінің солистері, сондай-ақ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Құрмаш Махан, Азамат Жылтыркөзов, Бибігүл Жанұзак, Салтанат Ахметова, Әлішер Каримов, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Алибек Альмадиев, Рухия Байдүкенова, Азат Малик, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Дидар Әбдухалық қатысады.

Жаңа маусымның ашылуы түрлі жобалармен және музыкалық әндермен елорда жұртшылығының есінде қалары сөзсіз.

Іс-шар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді.