Автор: Б. Дәуренбеков
Премьера күні, жылы:
Режиссёр: М. Малдыбаева
Актерлар: Самат – А. Мұсақұлов, Болат, қасқыр – Н. Рүстембеков, Шал – Е. Тұрдалиев, Түлкі – Т. Өмірзақова, Қораз – Р. Бимұса, Қошақан – А. Жұмабай
Жанр: Ертегі
Ұзақтығы: 35 мин
Жас санаты: 2+
Қосымша: Спектакль қазақ тілінде өтеді
Екі дос - Самат пен Болат ауыл маңындағы көлге балық аулауға келеді. Олар онда сақалы тізесіне жететін балықшы шалды көреді. Шал өзін «Алтын балық» өсірушімін деп таныстырады. Балалар сенбей, шалға күліп, мазак етеді. Шал ашуланып Саматты «Қалқанқұлаққа» айналдырады. Шал Саматқа жеті түрлі жақсылық жасаса ғана, құлағы орнына келетінін айтып ғайып болады. Бірақ Саматтың бойында «Қалқанқұлаққа» айналған соң аң-құс, жәндіктердің тілін түсінетін қасиет пайда болады.
Самат пен Болат Сиқырлы шалдан кешірім сұрау үшін оны іздеп, саяхатқа шығады. Жолда түрлі қызықты оқиғаларға тап болған екі дос, қиындықтарды бірге жеңуге тырысады.
Қойылым соңында Саматтың құлағы қайта қалпына келеді...