Scorpions в Алматы

Әрқашан күн сөнбесін!..

«Әрқашан күн сөнбесін!..»  концерті

«Астана Опера» Камералық залында «Әрқашан күн сөнбесін, әрқашан бейбітшілік болсын!» атты вокалдық және аспаптық музыка концерті өтеді.

Кеш бағдарламасында Абай, О. Сүлейменов, Ұ. Есдәулетов, Р. Рождественский және басқа ақындардың өлеңдеріне жазылған Е. Брусиловский, Н. Тілендиев, С. Мұхамеджанов, Ғ. Жұбанова, М. Маңғытаев, Т. Мұхамеджанов, Ө. Байділдаев, Е. Хасанғалиев, А. Зацепин, А. Пахмутова сынды композиторлардың романстары мен әндері шырқалады.

Отан, бейбіт өмір, көктем және махаббат тақырыптарына арналған шығармаларды «Астана Опера» театры Балалар студиясының шәкірттері, опера солистері мен симфониялық оркестр әртістері орындайды.

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады