Playback-техникалардың негізінде құрылған актерлік шеберлік бойынша байқау сабағы

Өтетін орны: Алматы қ., Досмұхамедов к-сі, 78А, Қабанбай батыр көшесінен кіреберіс, ART-BUNKER баспанасы

Күні: 20, 21, 27, 29 тамыз 2024

Уақыты: 19: 00

Жанр: мастер-класс 

Ұзақтығы: 40 минут 

Жас шектеуі: 16+

 

 

 

 

«Т.Р.И» playback-театры Playback-техникалардың негізінде құрылған актерлік шеберлік бойынша байқау сабағына қабылдауды ашады.

Сондықтан курстардың қалай өтетінін көріп білу үшін сіздерді тегін байқау сабақтарына шақырамыз.

Бұл курс әрбір ізденушіге жарайтыны кепіл!

Playback-театр - бұл бүкіл әлемде кеңінен дамыған театр форматы, онда актерлер көрермендердің айтқан әңгімелеріне негізделе отырып,  импровизация жасайды. Playback-практиканың басты құрамдас бөліктері: импровизация, сторителлинг және психодрама.

Сіздерді күтуде:

  • Импровизация және эмоциялық еркіндік әлеміне терең ену,
  • Қиялды, эмпатияны және бейреттілікті дамытуға бағытталған шығармашылық эксперименттер мен ойындар,
  • Жайлы атмосферада оқу мүмкіндігі.

Курс авторы: Евгения Форманюк - Т.Р.И. playback-театрдың негізін қалаушы және әдіскері, playback-актер, 9 жылдық тәжірибесі бар театр және шоу-бағдарламаларының актері.

Курсты аяқтағаннан кейін сіз өзіңіздің алғашқы қойылымыңызбен өнер көрсетіп, оқу туралы сертификатыңызды, сондай-ақ қаласаңыз, «Т.Р.И» playback-театры ұжымының бір бөлігі болу мүмкіндігін аласыз.

«Т.Р.И» Playback-театры Алматының түрлі алаңдарында тұрақты түрде өнер көрсетеді, сондай-ақ ол көптеген фестивальдердің қатысушысы (Алакөл қанаттары, Altai Golden Fest, FourЭ және т.б.) болып табылады. Ұжым 3 жылдан астам уақыт бойы табысты түрде дамып келеді.

Осы қызықты курсты өтіп, Playback-театрда шығармашылық пен мүмкіндіктер әлемін ашудан қапы қалмаңыздар! Тезірек жазылып үлгеріңіздер, орындар саны шектеулі!