Присцилла: Элвис және мен (2023)
Шығарылған жылы: 2024
Дистрибьютор:
Өндіріс елі: Италия, АҚШ
Режиссер: София Коппола
Басты актерлер: Кейли Спани, Джейкоб Элорди, Эри Коэн, Дагмара Доминчик
Жанр: Өмірбаян, драма
Ұзақтығы: 113 минут
Жас шектеуі: 18+
Премьера күні: 25 қаңтар, 2024
Присцилла - танымал адаммен ғашықтық сезімдерге бөленуді армандаған жас әрі өнерлі қыз. Ол әйгілі Элвис Преслиді, рок-н-ролл патшасын кездестіргенде, оның асқақ армандары орындалады. Арудың теңдесіз сұлулығы мен өнеріне тәнті болған Элвис Присциллаға шын ғашық болады.
Тағдыр олардың жолдарын қосып, қос жас Американың ресми жұбы атанады. Газет прессалары мен әншінің жанкүйерлері бұл жаңалалықты аса қуанышты қабылдап, ал Присцилла өзінің кенеттен пайда болған атақ-даңқы мен үлкен халықтың сүйікті әншісінің сыңары атанғанына қатты тәмсанады. Алайда олардың сыртынан көркем жұбының бөктерінде біраз сырлар жасырылған екен.
Присцилла: Элвис және мен фильмі көрермендерді танымал жұптың не жасырары бар екенін білуге шақырады. Фильм Присцилла мен Элвис өздерінің танымдарының әртүрлілігін үйлестіру жолындағы тап болатын қиыншылықтар мен сынақтарды айқын көрсетеді. Жас жұп келістірілген образдың, бұхара халықтың олардың ара-қатынасын бақылауда ұстау құштарлығының, жұрт ойының үздіксіз қыспағының құрбандарына айналады.
Алайда, мұндай қиыншылықтарға қарамастан, Присцилла мен Элвис махаббатырының баяндылығы мен өмір тыныштығын сақтау мақсатында бар күштерін салады. Нәтижесінде олар сыртқы шабуылдарға қайыспай, өздеріне және өз сезімдеріне берік болып қалу шынайы бақытқа әкелетінін аңғаратын болады.
Присцилла: Элвис және мен фильмі голливудтық майталманның керемет көрінісі мен сахна төрінің ар жағында қандай шынайылық жасырылғанын көруге мүмкіндік береді. Фильм терең сезімдерді, махаббат пен еркіндік құштарлығын зерттеп, көрермендерді толғандырып та, танымал адамның жұбы болу қаншалықты күрделі екендігі туралы ойнандырып та жібереді.