Цирк ханшайымы (КАТМК)
Цирк Фойесі. Орыс астанасының аса беделді көрермендері цирктің жаңа жұлдызына ерекше қызығушылық танытуда. Ол Мистер Икс лақап атымен өнер көрсететін және жүзіндегі бетпердесін ешқашан шешпейтін жас сырлы әртіс. Цирк директоры келісімшарттың талабы бойынша оның өзі де бетперденің ар жағында кім екенін ешқашан көрмеген деп хабарлайды. Жанкүйерлер тобымен қоршалған цирк фойесінде үлкен байлықтың мұрагері жас жесір Ханшайым Теодора пайда болады. Марқұм күйеуінің өсиеті бойынша ол алты апта ішінде отандасына үйленуі керек, әйтпесе барлық капитал марқұм күйеуінің шетелде тұратын басқа туыстарына өтетін болады.
Ханшайымның жүрегіне үміткерлер оның айналасында көп, олардың арасында барон Кревильяк та бар... Алайда Теодора оны күлкі етіп бетін қайтарады. Ол Мистер Икстің кім екенін қатты білгісі келеді екен. Кейіннен Мистер Икс келеді. Ол көрермендерге таныстырылады. Теодора әртіске өзінің қолын сүюге рұқсат бермейді, себебі сайқымазақ, цирк әртісі мұндай мәртебеге лайықты емес. Ханшайымның жанкүйерлері ханымның қызығушылығын қанағаттандыру үшін Митсер Икстің бетпердесін күшпен алып тастауға тырысады, бірақ Теодора жанжалды тоқтатады. Көрермендер залға кетеді.
Мистер Икс цирк әртісінің тағдыры мен оған зайырлы қоғамның көзқарасы туралы ойланып, содан кейін аренаға асығады. Ол өнер көрсетуі керек. Фойеде Тони есімді Венадан келген жас австриялық азамат пайда болады, ол цирк бишісі ағылшын қызы Мабельге ғашық. Әрекетке Мабель қосылады. Күлкілі диалог барысында ол экзотикалық әсер үшін цирк директорының талабы бойынша өзін ағылшын қызы деп өтірік кейіп танытқаны анықталды. Кездесу туралы келіссөздер жүргізгеннен кейін Тони кетіп қалады. Қойылым біткен соң Мистер Икс қайта оралып, Теодорамен кездесуден аң-таң болған ол Мабельге өзінің құпиясын айтады. Бірнеше жыл бұрын ол ағасының қалыңдығы болып шыққан әйелге ғашық болыпты. Князь жиенінің қалыңдығына деген сүйіспеншілігі туралы білгенде, ол Мистер Иксиің гусар полкіндегі мансабын бұзған екен. Жас жігіт үйден қашып, цирк әртісі болуға мәжбүр болды. Әрі қарай көптеген таңғалдырарлық жағдайлар орын алады, ал олардың аяғында барлық ғашықтар өз бақытына қол жеткізетін болады.
Қызықты сюжет, көптеген қызықты күтпеген сәттер, таңғалдыратын шешімдер, жеңіл қайғы мен нағыз шаттық, декорациялар мен актерлердің бетперделерінің белсенді ауысып тұруы - осының барлығы сіздерді «Цирк ханшайымында» орын алады. Қойылым барысы бойы өмір мен оның құндылықтарының мерекелік сезімі сіздерді баурайтын болады.