«Қолданыстағы табысты кәсіптің қаржылық стратегиясы» практикумы
«Эквиум» Қазақстан бизнес-қоғамдастығы қаржы сарапшысы Ирина Екимовскихпен бірлесіп «Қолданыстағы абысты кәсіптің қаржылық стратегиясы» практикумын ұйымдастырады.
Ирина Екимовских:
- 25 жылдан артық қаржылық менеджмент тәжірибесі;
- «Капитал» аудиторлық-консалтингтік тобының меншік иесі және басшысы, қаржы сарапшысы
- 5 млрд-тан астам қаржы айналымы бар екі компанияның CFO-сы
- 15 жылдан артық бизнестің қаржылық стратегиясын қалыптастыру бойынша меншік иелеріне кеңес береді,
- «Кәсіпте көмек болтаны ең үздік кітап» номинациясында «Ресейдегі 2023 жылдың іскерлік кітабы» сыйлығының жеңімпаз-кітабының авторы. «Есепте және байлыққа жет. Кәсіпкердің қаржылық аксиомалары».
Практикумда сіздерді корпоративтік қаржы жөніндегі сарапшының басшылығымен 5 сағат уақытқа өнімді жұмыс барысы күтуде. Бизнесіңіздің тиімді қаржылық стратегиясын қалай құрып, оны қалай басқаруға болатынын анықтаймыз.
Бағдарламада:
- компаниялардың құлдырауының қаржылық сабақтары:
Кәсіптегі алыптар қалай табысқа жетеді?
Кәсіпте кім 100%-дан астам табыс табады?
- Кәсіптің қаржылық табысының формуласы;
- пайданы басқару: міндетті түрде нені есептеу керек, Кірістер мен Шығыстар туралы есептің негізгі құрамдас бөліктері (PnL);
- PnL жинау және талдау;
- тепе-теңдіктің мәні неде және кәсіпкердің бизнестегі қанша ақшасын қалай түсінуге болады?
- кәсіпке қажетті қаражаттың сомасы неге байланысты?
- мысал түрінде бизнестің қаржылық тиімділігін арттырамыз;
- кейс-мысал «Бизнестегі ақша кірістілігін 25%-дан 125% -ға дейін қалай ұлғайттық».
Практикум кімге арналған?
- Кәсіпкерлерге;
- Топ менеджерлер мен командаларға.
Өзіңізбен бірге келесі жабдықтарды ала келіңіздер:
- Зарядталған ноутбук;
- Орнатылған Excel немесе Google Кестелер.
Тайминг:
10:00-11:00 -Тіркеу және кофе-брейк
11:00-12:30 - Практикумның бірінші бөлімі
12:30-13:30 - Түскі ас
13:30-15:00 - Практикумның екінші бөлігі
15:00-15:30 - Кофе-брейк
15:30-17:00 - Практикумның үшінші бөлігі
17:00-17:30 - Сұрақтарға жауаптар