Scorpions в Алматы

«Арнау» (Николай Римский-Корсаковтың 180 жылдығына орай)

Өтетін орны: Астана қ., Astana Opera
 
Күні: 30 наурыз, 2024
 
Уақыты: 18:00
 
Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут
 
Жас шектеуі: 10+
 
Қосымша: Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.
 
 
 

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры

Қазақстандағы Ресей ынтымақтастығы өкілдігі (Астанадағы Орыс үйі)

ұсынады

Концерт

«Арнау»

(Николай Римский-Корсаковтың 180 жылдығына орай)

КОНЦЕРТ ОРЫС ТІЛІНДЕ ӨТЕДІ

         Орыс композиторы Николай Андреевич Римский-Корсаковтың 180 жылдығына орай «Арнау» концертін опера солистері, аспапшы музыканттар мен «Астана Опера» оркестрінің әртістері ұсынады. Концерт қонағы – Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Павел Черных (бас).

Н.Римский-Корсаков табиғи музыкалық дарынының кемелдігі, қызығушылығының молдығы мен музыкалық қызметінің жан-жақтылығы арқылы орыс өнерінің көрнекті қайраткерлерінің қатарынан орын алады. Толыққанды кәсіби музыкалық білімі жоқ (Теңіз кадет корпусын үздік бітірген) ең «қиялшыл» орыс композиторы өз шығармашылығында көптеген халық ауыз әдебиеті кейіпкерлерін, сондай-ақ оркестрлік бояулар арқылы тұңғиық теңіз образдарын шеберлікпен сомдай білген.

Десе де, Римский-Корсаков опера мен симфониялық композиция саласында ғана табысты еңбек еткен жоқ, оның романстары да кең танымалдылыққа ие болды – солардың ең атақтылары осы кеште орындалады. Сондай-ақ мерейтойлық концерт бағдарламасында композитордың аспаптық шығармалары, опералардан ариялар мен дуэттері шырқалады.

 

БАҒДАРЛАМА:

Н.Римский-Корсаков

Ариялар мен дуэттер: «Ақшақар» операсынан Лельдің әні және Мизгирьдің ариозосы, «Патша қалыңдығы» операсынан Любашаның ариясы, Грязнойдың ариясы және Собакиннің ариясы, «Садко» операсынан варяг қонағының әні және т.б. 

Романстар: «О чем в тиши ночей…», «Не ветер, вея с высоты…»,

«Редеет облаков летучая гряда…», «Анчар», «Пророк» және т.б.

Ішекті аспаптар квартеті, фа мажор, оп.12

«Салтан патша туралы ертегі» операсынан «Араның ұшуы» (виолончель мен фортепианоға арналған өңдеу).

 

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Павел ЧЕРНЫХ, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі (бас, Мәскеу)

халықаралық байқаулардың лауреаттары:

Әсем СЕМБИНА (сопрано)

Артур ҒАБДИЕВ (тенор)

Батыржан СМАҚОВ (контртенор)

Азат МӘЛІК, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (баритон)

Ермек ҚАСЫМ (баритон)

 

Ішекті аспаптар квартеті құрамында:

Мақпал БЕКМАҒАМБЕТОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (скрипка)

Айя ҒАББАСОВА (скрипка)

Гүлнара ТІЛЕУҒАБЫЛОВА (альт)

Асқар МҰҚАНОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (виолончель)

 

Балжан САПАРОВА (флейта)

Концертмейстер – Раушан БЕСКЕМБИРОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.