Соңғы балықшы
«Соңғы балықшы» - Қазақстандық-Кубалық режиссер мен хореограф Франк Вальдестің «Шал және Теңіз» (Э.Хемингуэй) классикасы бойынша авторлық атауы және пластикалық баяндауы. Оқиға Франктің Кубадағы өміріне, Хемингуэй шығармасының кейіпкерлеріне айналған адамдармен қиылысуына сілтеме жасайды. Хемингуэйдің Кубадағы өмірінің негізгі жылдарын теңіз жағалауындағы Кохимар балық аулау ауылында (Гавана қаласы) өткізгені де маңызды, осы мекенде Франк Қазақстанға келер алдында туылған және жастайына дейін өмір сүрген.
«Соңғы балықшы» - Бұл Құдаймен шынайы шығармаластық туралы оқиға. Қолдан келгеннің бәрін істеп, біздің қарамағымызға жатпайтын дүниелерді Жаратқанның әміріне салу. «Бұйырғаны болар». «Құдай қолдасын» десті.
Адалдық пен сенім туралы оқиға: Өзіне деген адалдық пен өзіне деген сенім. Адам баласына адалдық пен адам баласына деген сенім. Өз мақсатына деген адалдық және өз міндетіне деген сенім. Құдайдың еркіне деген адалдық және Құдайдың әміріне деген сенім.
Өз міндетін орындау - бос өжеттілік емес. Табиғат күшімен бетпе-бет келу - жай ғана бақыт немесе ессіздік емес. Біз өзіміздің кім екенімізді және осы дүниеге не үшін жіберілгенімізді сенімді білген уақытта, бүкіл әлем бізді жылы шыраймен қабылдайды.
Еш шүбәсіз сенімге беріліңіздер.
«Соңғы балықшы» - бұл TEATRO89 бірінші жобасы - «Сәйкестік» аясында алдынғы кезедрі көрсетілген аттас спектакльдің жалғасы.
5 тамызда театрдың ресми ашылуы өтті.
TEATRO89 негізін қалаушылар және көркемдік жетекшілері - Франк Вальдес және Галина Кирьян.
«Сәйкестік» премьерасынан кейін шақырылған режиссер Татьяна Кимнің «Шаш» атты екінші премьерасы орындалды.
«Соңғы балықшы» толық метражды қойылымның тұсаукесері 2023 жылдың соңында өтті.
Бас режиссер туралы:
Франк Вальдес - кубалық шығу тегі, алматылық қазақстандық би режиссер-хореографы.
2005 жылы Куба Халық Өнер мектебін «Кәсіби биші және хореограф» мамандығы бойынша бітірген.
2007 жылы Кубаның Ұлттық би академиясында би пәнінен сабақ бере бастады.
2009 жылдан бастап Франк Алматы қаласында (Қазақстан) тұрады және жұмыс істейді.
Jolda би театры үшін режиссердің авторлық пластикалық жұмыстары:
- «Пилигрим» қойылымы, 2021
- «Тыныс алу кілттері» қойылымы (Никита Подлобкомен бірге режиссура), 2022
- «Leila» қойылымы, 2022
- «Practica» кураторлық ағыны аясындағы «Senseñ» қойылымы, 2022
TEATRO89 үшін алғашқы авторлық жұмыстары:
- «Сәйкестік» театрлық музыкалық-пластикалық жобасы
- «Соңғы балықшы» және «Мемуарлар» орындаулары, 2023
Толық метражды қойылым:
- «Соңғы балықшы», 2023.
Режиссер және қоюшы-хореограф туралы:
Тимур Зағидуллин - биші, хореограф, музыкант.
2015 жылы Пермь хореографиялық училищесін бітірген.
Самара академиялық опера және балет театрында, «Балет Москва» театрында, Диана Вишневаның «Context» жобалық труппасында би билеген.
Хореограф ретінде Пермь опера және балет театры, Үлкен тетра, «ЗИЛ» ҒЗО сахнасында орындалған бірқатар хореографиялық нөмірлерді қойды.
2023 жылдың қаңтарында ол өзінің алғашқы авторлық «ContraPunkt» қойылымын Samruk Dance Company үшін Алматы қаласындағы Республика Сарайының сахнасында қойды. Композитор ретінде Boroditsky Dance Company-мен жұмыс істеді және өзінің «ContraPunkt» жұмысына музыканың бір бөлігін жазды.
2023 жылы Франк Вальдеске бірге режиссерлық етті, хореографияны қойды және «Соңғы балықшы» TEATRO89 қойылымына авторлық музыка жазды.