«ОПЕРАЛИЯ ПЛАСИДО ДОМИНГО»

халықаралық опера әншілерінің байқауы

Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің аясында «Астана Опера» театрында, 2017 жылдың 24–29 шілде аралығында опера әншілерінің ең беделді байқауы саналатын – «Опералия Пласидо Доминго» өтеді.

Аталған байқауды Пласидо Доминго 1993 жылы дарынды жас опера әншілерінің есімдерін әлемге танытып, оларға өнер жолына түсуге көмек беру үшін құрған.

Байқауға әлемнің кез-келген елінен келген 18 бен 32 жас аралығындағы әртүрлі дауысты әншілер қатыса алады. Пласидо Доминго (дауыс беру құқығы жоқ) төрағалығымен 12 опера сарапшыларынан тұратын қазылар алқасы жыл сайын белгілі бір елде жиналып, ширек финалда 40 қатысушының өнерін тыңдайды. Осыдан кейін 20 үміткер жартылай финалға өтеді, олардың 10 финал қатысушыларына айналады.

Ширек финал мен жартылай финалда әншілер «Опералия» ресми пианистерінің сүйемелдеуімен өнер көрсетсе, финалдық тур маэстро Пласидо Домингоның басшылығындағы симфониялық оркестр қатысуымен гала-концерт үлгісінде өтеді.

 

24 шілде – ширек финал 1

25 шілде – ширек финал 2

26 шілде – жартылай финал

29 шілде – финал