Бір жарым уыс

«Бір жарым уыс» - ақ пейілді мейірімді қойылым. Онда қатты ауруға шалдыққан Қой анасының емделуіне керек тұзды іздеуге сапарға аттанған кішкентай Қозының шытырмандары туралы суреттеледі. Қозы әлі кішкентай болса да, аса батылдық танытып, «Бір жарым уыс, бір жарым уыс, бір жарым уыс…» деп анасының айтқан сөздерін әндете сапарға жөнелді. 

Қожайынының туған үйіне барар жолында көптеген қызықтарды, жаңа дүниелерді көріп біліп, бекітілген жеріне оңтайлы келгенде анасының айтқан керек сөздерін ұмытып қалыпты... Қозы енді не істемек, анасы не үшін жібергенін қалай есіне түсірмек? Оған көмекке тек кішкентай көрермендер ғана келе алады.