rebranding

Толық үйлесімділік

Л.-М. Колла, А. Буржуа, Ф. Каруа

ТОЛЫҚ ҮЙЛЕСІМДІЛІК
Спектакль
екі көріністе
Қоюшы-режиссер
Владимир Молчанов

Қоюшы-суреткер
ҚР еңб.сің.қайраткері, ҚР Мемсыйлығының жүлдегері
Владимир Кужель

Костюмдер бойынша суреткер
Людмила Кужель

Музыкалық безендіру
Александр Костромыкин

Пьесаның басты кейіпкері – Мари Лафарж, қайтыс болған сүйікті адамына көп жылғы қайғысын өшіру үшін жұмысына әбден кіріскен жігерлі іскер әйел. 
Мари пәтерін жинап жүрген арнайы жалдаған Люсиль деген консьерж емес, кез келген жолмен ақша табуға тырысып жүрген Франсуа есімді бұрында музыка мұғалімі болған композитор екенін біліп қояды. Франсуаға он сегіз жасар қызы келеді. Түсініспеушіліктер, күлкілі оқиғалар, келіссіз жағдайлар – тағы да не болуы мүмкін? Күлкі мен жас, қуаныш пен қайға, үміт пен махаббат...