rebranding

«Жасырын қыздар» Алматыда

Баяғы бір заманда бір алыс елде әйелдердің ақыр заманы орнапты. Бұл олардың оқиғасы, олардың ауыртпашылығы, жан сақтау мақсатындағы олардың жігерлі күресі. «Underground Girls» ( «Жасырын қыздар») - бұл бостандық пен қанаушылықты зерттеу. 

«Underground Girls» ( «Жасырын қыздар») жобасы Дженни Нордбергтің «Кабулдағы жасырын қыздар: Ауғанстандағы жасырын қарсылық күштерін іздеу» атты кітабы және де ауған босқындарымен және 2021 жылғы тамыздан кейін әлі де Ауғанстанда тұратын адамдармен сұхбат негізінде құрылған. Қойылым келесідей өзекті сұрақтардың жауабын табуға тырысады: Неліктен қоғам ер адамдардың даңқын асқақтатады? Не себептен ерлер мен әйелдер арасындағы теңдікті мойындау әлі де соншалықты қиын болып табылады? «Underground Girls» әйелдерді бас бостандығынан айырудың апатты салдарын зерттейді.