rebranding

ВЕНЕЦИАНДЫҚ ГОБОЙ ҮНІМЕН...

«ЖІБЕК ЖОЛЫ» ІІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ

ВЕНЕЦИАНДЫҚ ГОБОЙ ҮНІМЕН...

Джанфранко Бортолато (гобой, Италия)

30 қазанда «Жібек жолы» халықаралық фестивалінің аясында белгілі итальяндық гобойшы Джанфранко БОРТОЛАТО өнер көрсетеді.

Джанфранко Бортолато – халықаралық байқаулардың лауреаты, Миландағы Ла Скала театры, Туриндегі Патшалық театры және Рим операсының әйгілі оркестрлерінде, сондай-ақ Генуя, Сан-Ремо ансамбльдерінде бірінші гобой. Буэнос-Айрес, Версаль, Хьюстонда өткізілетін халықаралық фестивальдердің қатысушысы, Джанфранко Бортолато әлемнің көптеген елдерінде концерттермен өнер көрсетті.

2003 жылы Гринсбородағы (АҚШ) IDRS фестивалінде өзінің жаңа Ardon gli incense дискін таныстырып, онда Россини, Беллини және Доницетти операларының тақырыптарына арналған фантазиялар еңген. Ол Риккардо Мути, Юрий Темирканов, Элиягу Инбал, Джанлуиджи Джельметти, Эдуардо Мата және Адам Фишер сияқты әйгілі музыканттармен бірге өнер көрсетті.

Ол Ares, Frequenz, Erato, Nuova Era, Ricordi, Tactus, Rivoalto сияқты дыбыс жазушы компаниялармен ынтымақтас болған. Атақты халықаралық байқаулардың қазылар алқасы құрамына кіреді. Қазіргі уақытта – Рим операсы оркестрінің гобойшы-солисті.

Екі бөлімнен тұратын концерт бағдарламасында барокко композиторларының шығармалары (А.Марчелло, Дж.Платти, А.Вивальди, Т.Альбинони) және итальяндық композиторлар (Дж.Верди, Дж.Гарибальди, Р.Парма) операларының тақырыбына арналған фантазиялар орындалады.

Концертке қатысушылар:

Джанфранко Бортолато (гобой, Италия)

«Астана Опера» Камералық оркестрі

Дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов

Бағдарламада: 

  1. Алессандро Марчелло. Гобой мен ішекті аспаптарға арналған концерт, ре минор
  2. Джованни Бенедетто Платти. Гобой мен ішекті аспаптарға арналған концерт, соль минор
  3. Антонио Вивальди. Гобой мен ішекті аспаптарға арналған концерт, до мажор, RV 447
  4. А. Вивальди. Екі скрипка, виолончель мен клавесинге арналған үлкен концерт, ре минор, Op.3 №11
  5. Антонио Лотти. D'amore гобойы мен ішекті аспаптарға арналған концерт
  6. Томазо Альбинони. Гобой мен ішекті аспаптарға арналған концерт, ре минор

 

Ұзақтығы – 1 сағат 40 минут

 

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады