Scorpions в Алматы

80 минутта әлемді шарлау

Өтетін орны: Астана қ., Astana Opera
 
Күні: 31 наурыз, 2024
 
Уақыты: 18:00
 
Ұзақтығы: 1 сағат 120 минут
 
Жас шектеуі: 10+
 
Қосымша: Дирекция орындаушылар мен орындалатын туындыларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.
 
 
 
 

Опералық-географиялық концерт

«80 минутта әлемді шарлау»

«Астана Опера» театры бас дирижер Алан Бөрібаевтың жаңа жобасын – «80 минутта әлемді шарлау» опералық-географиялық концертін ұсынады.

Оның атауы бірден ғажайыпқа толы шытырман оқиғалар мен саяхатқа жетелейді. Концертке келген көрермендер Жюль Верн кейіпкерлеріне қарағанда жер шарын анағұрлым тезірек айналып (80 күн емес, небәрі 80 минутта әлемді шарлау), түрлі елдерде болып, олардың музыкалық мәдениетінің жауһарларымен танысудың керемет мүмкіндігіне ие болады.

Яғни, опералардан танымал ариялар мен дуэттерді, сондай-ақ әлемдік классиканың хитке айналған симфониялық туындыларын естіп, рақатқа бөленеді. Дирижерлік тұғырда – әрдайым өзінің күш-қуатымен жігерлендіретін «Астана Опера» бас дирижері Алан БӨРІБАЕВ.

ОПЕРА СОЛИСТЕРІ, ХОР ЖӘНЕ СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТР

Дирижер – Алан БӨРІБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.