«По мотивам Данте»
Өтетін орны: Астана қ., Мемлекеттік академиялық филармония МКҚК. Е. Рахмадиев атындағы
Өтетін күні: 24 Қараша, 2023 жыл
Басталуы: 19: 00
Жанр: Классикалық
Ұзақтығы: 1 сағат 30 минут
Жас шектеуі: 7+
Қосымша:
Қайта өрлеу дәуірінің итальяндық ақыны Данте Алигьеридің ең үлкен әдеби «Құдіретті комедиясы» адамзаттың ғасырлар бойы шешімін іздеудегі терең философияға толы. Әдеби қаһармандар Вергилий мен ақынның адасқан сұлу сүйіктісі Беатриспен ақырет өміріне және үмітсіздіктен аянға дейінгі жолдың сюжеті өнер майталмандарын көптен бері толғандырды. Чайковский, Лист, Рахманинов, Шопен, Верди және басқа композиторлар Данте кеңістігі туралы өздерінің музыкалық ой-пікірлерін жасай отырып, осы сюжетке бет бұрды. «Құдіретті комедия» заманауи композиторларды да шабыттандырады.
«По мотивам Данте» әдеби-музыкалық кеші Франко Чезаринидің Mosaici Bizantini («Мозаики Византии») және Роберт Смиттің The divine comedy («Божественная комедия») музыкалық композицияларына негізделген. Үрлемелі оркестрге арналған бұл төл туындылар кештің әдеби сценарийінің авторы болған Үрлемелі оркестрдің көркемдік жетекшісі Никита Почиталиннің бастамасымен Қазақстанда алғаш рет орындалып отыр. Концерттің жүргізушісі әрі поэтикалық үзінділерді оқушы – филармония солисті, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, халықаралық байқаулардың лауреаты Нұрбол Балапанов.
Үш симфониялық эскизден тұратын әдеби-музыкалық кештің алғашқы туындысы -1990 жылдары итальяндық композитор Франко Чезарини жазған «Византия мозаикасы» сюитасы. Осы керемет туынды үшін шебер Венеция мен Палермо храмдарында көруге болатын үш византиялық мозаикадан шабыт алды. Ол музыкалық мотивтерді Григориан әндерінен алды.
Содан кейін кеш Данте Алигьеридің шығармашылығына ауысады. Итальяндық ақын, ойшыл, теолог, әдеби итальян тілінің негізін қалаушылардың бірі, 13-14 ғасырлар тоғысында Флоренцияның ең білімді және құрметті саяси қайраткері. Ол кейінірек Веронада, Болоньяда, Парижде тұрды және сол жерде өзінің өшпес «Комедиясын» жаза бастады, оны кейін Джованни Боккаччо «Құдіретті» деп атады. Бұл Данте шығармашылығының шыңы, сол дәуірдің философиялық, ғылыми және теологиялық білімдерінің нағыз энциклопедиясы. «Құдіретті комедия» поэмасы жеті ғасыр бойы адамзаттың рухани жаңғыруының символы болды.
ХХ ғасырдың аяғында Дантенің әдеби қайнар көзінің сюжетін музыкада жүзеге асырудың ең жарқын мысалдарының бірі – американдық композитор Роберт Смиттің «Құдіретті комедия» № 1 симфониясы. Ол 1996 жылы жазылды және № 2 симфония («Одиссей») және № 3 симфониямен («Дон Кихот») бірге әдебиеттің ең маңызды үлгілеріне арналған симфониялық триптихті құрайды. Бұл симфонияларда Смит кейіпкерлерді жете сипаттауға емес, тыңдаушыға кейіпкерлердің бейнесін жалпылама түсінуге мүмкіндік беруге тырысады.
Аталған жобаның авторы Никита Почиталиннің айтуынша, «По мотивам Данте» философиялық әдеби-музыкалық кештің басты міндеті – өмірдің мәні туралы ой елегінен өткізу үшін көрерменді антикалық және орта ғасырлар атмосферасына енгізу. Астанада алғаш рет өтетін кеш үшін ең әдемі әуендер таңдалды. Роберт Смиттің «Құдіретті комедия» туындысы аттас «Тозақ», «Ғарасат» и «Жұмақ» бөліктерін қамтиды. Бағдарламаны итальяндық композитор Франко Чезаринидің «Византия мозаикасы» атты үш бөлімнен тұратын сюитасы толықтырады, − дейді Никита Почиталин.
1971 жылы белгілі ақын Мұқағали Мақатаев «Құдіретті комедия» поэмасының бірінші «Тозақ» бөлімін қазақ тіліне аударды, осы тамаша интерпретацияның жолдары да «По мотивам Данте» кешінің аясында орындалады.
«По мотивам Данте» әдеби-музыкалық кешінің премьерасы елордалық залмен шектелмейді. Ұжым Қазақстан қалалары бойынша гастрольдер ұйымдастыруды жоспарлап отыр.