Jullien Dassin

«Небывальдия ғаламшары» балаларға арналған интерактивті шоу

Ғаламның бір түкпірінде НЕБЫВАЛЬДИЯ ғаламшары бар. Бұл ғаламшарда екі ерекше ақ адам өмір сүреді: Эниф пен Глизе. Олар өте мейірімді және көңілді. Бұл кішкентай адамдар қиялдауды, ойнауды және ғажайыптар жасауды жақсы көреді екен...

Таңғаларлық ештеңе жоқ, себебі Небывальдияда барлығы қарапайым өмірдегідей емес. Бұл ҚИЯЛДАР ӘЛЕМІ, сондықтан болмайтынның барлығы шындыққа айналады. Осылайша бүгін де олар жаңа зерттеулерге әбден дайын. 

Біздің ғаламшарымызда ауа-райы бар. Жауын-шашын, қар, күн, басқа да әртүрлі ауа-райының кейіптері... НЕБЫВАЛЬДИЯДА да өзіндік ауа-райы бар екен, бірақ олар қарапайым емес. Небывальдия ғаламшарында жауын-шашын көпіршіктер және басқа да кейпінде жауады екен.

Әртүрлі ауа-райының кейіптерін ойлап табу қызықты емес пе! Осылайша осы ғаламшарда мекен ету одан әрі қызықты болады. Эниф пен Глизе көрермендермен бірге белсенді зерттеулер жасап, ойнап, әзілдеп, көңіл көтеретін болады.