«Пианистер салтанат құрады»
2019/2020 Камералық зал VIІ маусым
26 ақпан * сәрсенбі * 19.00
Фортепианоға арналған музыка кеші
«Пианистер салтанат құрады»
Әлемнің ең әйгілі музыкалық оқу орындарының бірі – Австриядағы «Моцартеум» Зальцбург университеті студенттерінің өнер көрсетуі елордалық музыка сүйер қауым үшін керемет сый болмақ.
Түрлі елдердің жас та дарынды музыканттары, сондай-ақ олардың ұстазы – профессор Андреас Гротхойзен «Пианистер салтанат құрады» концертінде классиктер – В.А.Моцарт, Ф.Шопен, Ф.Лист және т.б. композиторлардың шығармаларын ұсынады.
Қазақстан атынан музыканттардың халықаралық құрамында «Астана Операдағы» музыкалық демалыс» концерттер топтамасында бірнеше рет Камералық зал сахнасына шыққан халықаралық байқаулардың лауреаты Темірлан Бейсенбай өнер көрсетеді.
Концерт бағдарламасында фортепианолық соло мен дуэттер ұсынылған.
ОРЫНДАУШЫЛАР:
Азука ТАГАМИ (Жапония)
Асами ПАСКАЛЬ МУРАЯМА (Испания)
Шигетоши ЕЦАВА (Жапония)
Sànchez & Fortuny фортепианолық дуэті:
Бернат САНЧЕС ФАРРЕС пен Джулия ФОРТУНА КАСТЕЛЛАНО (Испания)
Даниэль ОЧОА ГАКСИОЛА (Мексика)
Темірлан БЕЙСЕНБАЙ (Қазақстан)
БАҒДАРЛАМА:
Т.Такемицу. Rain Tree Sketch II (композитор Оливье Мессианды еске алу құрметіне)
В.А.Моцарт. К.В.Глюктің «Күтпеген кездесу, немесе Меккеден келген діндарлар» зингшпилінен «Ақылсыз қара халық ойлайды» ариеттасы тақырыбына он вариация
И.Альбенис. «Иберия» сюитасынан «Еске алу» және «Альбайсин»
Э.Гранадос. Фортепианоға арналған поэтикалық вальстер
Э.Гранадос. «Гойески» сюитасынан «Маха мен бұлбұл»
М.Понсе. «Мексикалық баллада»
Ф.Шопен. № 1 баллада, соль минор, op.23
Ф.Шопен. № 4 баллада, фа минор, op.52
Ф.Лист. «Кампанелла»
Ф.Лист. № 10 трансценденттік этюд, фа минор
Фортепианолық дуэттер:
Ф.Шуберт. Ля-бемоль мажор вариациялары
К.Черни. Фортепианоға арналған төрт қолмен орындалатын салтанатты увертюра, си минор, op.54
С.Рахманинов. Екі фортепианоға арналған № 1 сюита, op.5
Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут
Дирекция орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады