Scorpions в Алматы

«ПЕТЯ МЕН ҚАСҚЫР» (қазақ тілінде)

Петя и волкӨтетін орны: Астана қ., Astana Opera

Күні: 26 қараша, 2023

Уақыты: 12:00 (қазақ тілінде)

Ұзақтығы: 50 минут

Жас шектеуі: 5+

Қосымша: Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.

 

 

 

 

С. Прокофьевтің симфониялық ертегісі

«ПЕТЯ МЕН ҚАСҚЫР»

(қазақ тілінде)

C. Прокофьевтің «Петя мен Қасқыр» симфониялық ертегісі – мектепке дейінгі ересек балалар мен 1-ден 5-ші сыныпқа дейінгі мектеп оқушыларына арналған музыка әлеміне жасалатын ерекше әрі танымдық саяхат. Концерт барысында балалар қызықты ойын түрінде симфониялық оркестрдің аспаптарымен танысады.

Симфониялық ертегі – бұл симфониялық оркестрге арналып жазылған музыкалық ертегі: әрбір кейіпкердің белгілі бір музыкалық аспапта орындалатын музыкалық әуені бар. C. Прокофьевтің «Петя мен Қасқыр» симфониялық ертегісі – симфониялық оркестрмен таныстыратын «жол көрсеткіш» сияқты.

 

ОРЫНДАЙТЫН:

«Астана Опера» симфониялық оркестрі.

Дирижері – Айдар ӘБЖАХАНОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Мәтін оқушы – Төлеген НАЗАРБЕКОВ

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.