Scorpions в Алматы

Астанамның таң самалы

Өтетін орны: Нұр-сұлтан Қ., Тұран даңғылы, 2/6, «Амфитеатр», Есіл өзенінің жағалауында

Күні: 4 шілде 2022 ж.

Басталуы: 21:00

Әртістер:

Тұрақ:

Жас шектеуі: 7+

Қосымша:

 

 

 

Елордалық филармония Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарына арнап «Астанамның таң самалы» атты арнайы мерекелік бағдарлама дайындады. Елорда күнін тойлау құрметіне филармонияның үрлемелі оркестрі мен орындаушылары  қазақстандық және шетелдік композиторлардың танымал туындыларын орындайды. Амфитеатр қонақтары осы кеште Ескендір Хасанғалиевтің «Алғашқы танго» және «Бозторғайым», Әбдірахман Асылбековтің «Қазақ елі осындай!», Мәди Сыздықовтың «Атамекен»,  Хабибулла Сетековтің «Сәуле ғұмыр», Шәмші Қалдаяқовтың әндерінен попурри тыңдауға мүмкіндік алады.

Атақты әндерді Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Светлана Айтбаева, Сүндет Байғожин, Арайлым Рахымқызы, Алтынай Жорабаева, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Нұрбол Балапанов, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Алтынбек Әбілда, Талғат Аллабиринов, Алтынбек Арыстанбек, Әкімхан Маженов, Айдын Жұмабай, Әйгерім Ораз, Ақбота Құснадин және т.б. әншілер қауымы орындайды. Концертте Анель Ислямованың жетекшілігімен «ALEM» эстрадалық би ансамблі де өнер көрсетеді.