2019 / 2020                              Үлкен зал                              VІI маусым

31 қазан * бейсенбі * 19.00

Джакомо Пуччини

«БОГЕМА»

4 бөлімді опера

«Богема» сюжетін композитор танымал француз жазушысы Анри Мюрженің «Богема өмірінен көріністер» шығармасынан алған. Пуччини «Богеманың» музыкасын сегіз ай ішінде жазған. Опера премьерасы 1896 жылдың 1 ақпанында Туриндегі Teatro Regio сахнасында, 28 жасар Артуро Тосканинидің басшылық етуімен өтті. Кейін «Богема» барша әлем сханасын жаулап алды.

«Богема» – стилі мен рухы бойынша француздық деуге болатын, таңқаларлық нәзік сезіммен ерекшеленетін итальяндық опера. Ондағы оқиға Париждің Латын кварталында Рождество қарсаңында өрбиді. Опера кейіпкерлерінің бәрі жастар. Бұлар кедей зиялы қауым: ақын Рудольф, суретші Марсель, музыкант Шонар және философ Коллен. Өмірлерінің серігіне айналған мұқтаждыққа қарамастан, олар еңселерін түсірмей, қиындықтарды әзілмен қарсы алады. Күнделікті өмірлері қуаныш пен поэзияға, достық пен махаббатқа толы.

Көрші тұратын тігінші қыз Мимимен болған кездейсоқ кездесу Рудольфтің жүрегінде махаббат сезімін оятады. Мими де оған жылы жауап қайырады. Бірақ жастардың бақыттары ұзаққа созылмайды – Рудольф пен Мими ажырасады: Мими өкпе ауруына шалдыққан, ал Рудольфтің үйі сыз татқан әрі суық. Көктем соңында Мими Рудольфқа қайтып оралады. Өмірдің заңы солай, тіпті ең таза әрі нәзік, қорғаусыздардың өзі өлімге бұйырады.

Режиссер Андреа Бернард Дж.Пуччинидің «Богема» операсының жаңа сахналық редакциясын ұсынады. Екі деңгейлі ғаламат декорациялар, сахна төріне шығатын поезд және маэстро Эцио Фриджерионың өзге де жаңашылдықтары, сонымен қатар мереке көрінісінде кәсіби цирк әртістерінің қатысуы жас өнерпаздардың бізге таныс оқиғасын түрлендіріп, танымастай етеді.

ҚОЙЫЛЫМДЫҚ ТОП

Дирижер – Диан ЧОБАНОВ (Болгария)

Қоюшы режиссер – Андреа БЕРНАРД

Қоюшы сценограф – Эцио ФРИДЖЕРИО

Костюмдер бойынша суретші – Франка СКУАРЧАПИНО

Бас хормейстер – Ержан ДӘУІТОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Проекциялар бойынша дизайнер – Серджио МЕТАЛЛИ

Жарық бойынша суретші – Винченцо РАПОНИ

Қоюшы режиссердің ассистенттері – Еренбақ ТОЙКЕНОВ, Текла ГУЧЧИ

Қоюшы сценографтың ассистенті – Риккардо МАСИРОНИ

Костюмдер бойынша суретшінің ассистенттері – Даниэль БУТАР, Анна ВЕРДЕ

Балалар студиясының хормейстерлері – Алтынғаным АХМЕТОВА, Әйгерім МАКИБАЕВА

 

Ұзақтығы – 2 сағат 30 минут (екі үзіліспен)

 

Итальян тілінде орындалады

(қазақ және орыс тілдеріндегі синхронды аудармамен)

 

 

БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР

Мими – Бибігүл ЖАНҰЗАҚ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Рудольф – Нұрлан БЕКМҰХАМБЕТОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Татарстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі

Мюзетта – Әйгерім СӘРСЕНОВА (Австрия)

Марсель – Талғат МҰСАБАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Коллен – Болат ЕСІМХАНОВ

Шонар – Ержан САИПОВ

Альциндор – Армин БАБАЯН

Бенуа – Талғат ҒАЛЕЕВ

Парпиньоль – Рамзат БАЛАКИШИЕВ

Кеден сержанты – Самат ЖАРЫЛҚАСЫНОВ

Дирекция өзіне орындаушыларды ауыстыру құқығын қалдырады