rebranding

«Моцарттан бүгінгі күнге дейін»

2018 / 2019 Камералық зал VІ маусым

17 сәуір * сәрсенбі * 19.00

 

«Қазақквартет шақырады» топтамасы

Концерт

«Моцарттан бүгінгі күнге дейін»

Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті елорда қонақтары мен өздерінің айнымас тыңдармандарын жаңа концерттік бағдарламамен қуантуда. Кеште австриялық классик Вольфганг Амадей Моцарттың, итальяндық веризм ағымының көрнекті өкілі Джакомо Пуччинидің, сонымен қатар заманауи қазақстандық композитор Қуат Шілдебаевтың көркем әрі жасампаз музыкасы шырқалады.

 

БАҒДАРЛАМА:

Вольфганг Амадей Моцарт

Ішекті аспаптарға арналған №19 квартет, до мажор KV465

Джакомо Пуччини

Ішекті аспаптар квартетіне арналған «Хризантемалар» миниатюрасы, SС65

Қуат Шілдебаев. Ішекті аспаптар квартеті

Ішекті аспаптар квартетінің құрамы:

Айдар Тоқталиев (1-ші скрипка)

Алексей Лебедев (2-ші скрипка)

Бекзат Сайлаубайұлы (альт)

Ернар Мыңтаев (виолончель)

Көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Ернар Мыңтаев

Ұзақтығы – 1 сағат 15 минут

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады