Роберт Шуман және Клара Вик: «Өшпес махаббат»
11 ақпан күні Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония FORTE TRIO Қазақстан Республикасы Мемлекеттік триосының «Роберт Шуман мен Клара Вик: өшпес махаббат» концертін ұсынады. Филармония концерт залы, басталуы 17.00
Концерттік бағдарламада Клара Шуманның Piano Trio, G minor, Op.17 орындалады.
Нағыз виртуоз ретінде ол 19-ғасырдағы пианистер арасында құрметті орынға ие болды, поэтикалық шабытпен орындалатын музыканы терең түсініп ойнады. Клара әрқашан күйеуі Р.Шуманның шығармаларын тамаша орындайтын. Осылайша, квинтеттің E-flat major бойынша фортепианолық бөлігі Клара Шуман үшін арнайы жазылған. Композитор дәл оның виртуоздық орындауын басшылыққа алды.
Фортепиано бөлігі, алайда, Квинтеттің барлық аспаптық бөліктері сияқты, техникалық жағынан өте күрделі.
Фортепианолық квинтет E-flat major, op.44 – 19 ғасыр камералық музыкасының інжу-маржаны.