Күздік драмарафон
Трансформда бір бетті пьесалар фестивалі өтеді.
«Оля ведет в театр» телеграм-арнасы мен Трансформа өнер кеңістігі биыл екінші рет қысқа пьесалар микрофестивалінің драмарафонын өткізуде.
Кештің сахна төрінде жолын жаңа бастаған және белгілі авторлардың драмарафон үшін жазылған пьесалары оқылым форматында орындалады.
Күзгі драмарафонның шарттары: пьесаның көлемі бір беттен артық болмау керек, кейіпкерлердің саны алтыдан артық емес, міндетті түрде күз бен сары түстерді атап өту керек.
Бұл жолы драмарафонға 45 автор мен 45 пьеса қатысады. Бұл қатарға Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан авторларының қазақ және орыс тілдерінде жазылған пьесалары кіреді.
Драмарафонға арналған пьесаларды драматургтер Мия Алғожаева, Қазыбек Аманжол, Нығмет Ибадильдин, ақын Рамиль Ниязов, суретші Марат Райымқұлов, режиссерлер Катя Дзвоник, Дмитрий Соболев, Марк Куклин, актерлер Елена Вовнова, Ольга Рубцова жазған , Софья Гордеева-Уфимцева және басқа да көптеген авторлар қалам тартады.
Махаббат мелодрамаларын, отбасылық комедияларды, суперқаһармандық экшн, саяси сатира, автофикшн, ғылыми және мистикалық фантастиканы және тағы да ондаған шынайы және ойдан шығарылған жанрларды тамашалай аласыздар.
Оқылымдарды Траснформа театрының достары мен резиденттері Лаура Макан, Дмитрий Гомзяков, Катя Дзвоник, Ярослав Максименко, Дмитрий Соболев, Игорь Макаров, Василий Попов және басқа да режиссерлер қояды