«Буэнос-Айрестегі күз» Музкафеде
Билетті сатып алғаннан кейін +7 776 258 3777 телефон нөмірі бойынша байланысып, орындарды брондау керек
Танго мен босса-нова үні көңілді жайлатып, тәмсандыратын, би алаңдары мен ұлттық реңкке көмкерілген кафелер және Буэнос-Айрестің әсем көшелеріне баурайтын Латын Америкалық қызуқанды, ұшқын әрі терең сазды әндерінен ләззат алыңыздар.
Неліктен келу керек?
Бұл концерт музыка ұғымынан асып түспек. Сезім мен әсем әуен желегінен өткізетін керемет ұмытылмас саяхат. Танго, босса-нова, самба - әрбір композиция дәл Латын Американың өзінен шырқалғандай болады.
Күнделікті абыр-сабырды ұмытып, биге баурап, әрбір нотаны сезіндіретін оңтүстік ырғақтар мен әуендер атмосферасына терең бойлаңыздар.
Сахна төрінде жарқын өнер көрсететіндер:
* Асем Калман (скрипка)
* Беназир Куат (гитара)
* Мария Щербинина-Грасмик (вокал)
* Талғат Полатов (аккордеон)
* Айдар Куспанов (виолончель)
* Рахат Мұратали (фортепиано)
Бағдарламада:
Астор Пьяцолла, Карлос Гардель, Жоржи Бен Жор және т.б. сияқты аргентиндік, бразильдік, испандық композиторлардың жауһарлары паш етілетін керемет кеш күтуде. Аталған есімдер жүректі тербейтін музыкамен аттас болып, ең терең сезімдердің кең ауқымын оятатыны сөзсіз.
Осынау бірегей іс-шараның бір бөлігі болу мүмкіндігінен қапы қалмаңыздар.