rebranding

«Қос кемеңгер»

Құрметті көрермендер!

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының «Ashyq» пилоттық жобасына қатысуына байланысты, спектакльдерге алдын ала, ертерек келуді сұраймыз.

 

Театрға келер алдында «Ashyq» қосымшасын алдын ала өзіңіздің ұялы құрылғыңызға орнатуды сұраймыз.

Қолдану бойынша нұсқаулық:

1. Өзіңіздің ұялы құрылғыңызға «Ashyq» қосымшасын жүктеп, орнатыңыз (Iphone үшін App Store, ал Android үшін Google Play).

2. Өзіңіздің телефон нөміріңіз бен ЖСН енгізіңіз.

3. Театрға кірер кезде «КІРУ» тіркеуін таңдап, QR-кодты сканерлеу қажет (КІРУ).

4. Жүйе келушінің мәртебесін анықтайды, оны кірер кезде міндетті түрде Театр қызметкеріне көрсету қажет

​Мәртебелер:

Көк және Жасыл – Театрымызға кіруге шектеу жоқ

Сары – Театрымызға кіру шектелген, себебі COVID-19 таралуы бойынша байланысушы тұлға болып табылады

Қызыл – Театрымызға кіруге үзілді-кесілді шектеу қойылған, себебі өзін-өзі оқшаулауда немесе амбулаториялық емдеуде болуы тиіс.

Егер келушіде «қызыл» немесе «сары» мәртебе анықталса, ол Театрға кіргізілмейді және мәртебесі туралы скриншоттың бар болуы кезінде спектакльдің басталуына дейін сатып алған билеттерін тапсырады.

 

Бүгінгі таңда инфекция жұқтырғандардың өзін-өзі оқшаулауын бұзу деректері анықталған кезде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары мен ішкі істер органдарының лауазымды тұлғаларының іс-қимыл алгоритмі әзірленді.

 

Бұл алгоритм Ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамасымен бекітілген. Сонымен қатар осындай тұлғалар үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.

 

5. Егер келушінің өз мәртебесін тексеруге мүмкіндігі болмаса, осы үрдісті Театр қызметкері «күзетші» режимінің көмегімен – келушінің келісімімен оның ЖСН ақпараттық жүйеге енгізу арқылы жүзеге асыра алады.

Түсіністік танытады деген сенімдеміз!

 

Үлкен залдағы спектакльдерге жас шектеуі: 10+, Камералық залдағы концерттерге: 7+

65 жастан асқан адамдардың театрға келуіне уақытша тыйым салынғаны туралы еске саламыз.

(Негіздеме: Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері С.С.Бейсенованың қолы қойылған «Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралары туралы» 02.02.2021 жылғы № 5 қаулының 1.5-тармағы)

Сонымен қатар үзіліс кезінде әлеуметтік арақашықтық пен маскалы режимді сақтауды сұраймыз.

 

2020 / 2021                    Камералық зал            VІІІ маусым

27 сәуір * сейсенбі * 19.00

Концерт

«Қос кемеңгер»

(А.Жұбанов пен Л.Хамидидің 115 жылдығына орай)

Еліміздің мерейтойлық даталары қатарындағы ең маңызды да айтулы оқиғалардың бірі – қазақ музыкалық өнерінің жарқын тұлғалары – Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің 115 жылдығы. Замандас болған қос композитор бір жылда дүниеге келіп, шығармашылық ауыр жолды бірге өткерген және қазақ композиторлық мектебінің корифейлері атанды.

 

Ахмет Қуанұлы Жұбанов – композитор, дирижер, музыкатанушы-этнограф, ұстаз, публицист, музыка және қоғам қайраткері, Қазақ КСР Халық әртісі, өнертану докторы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, қазақ халық музыкасы туралы кітаптар, очерктер мен мақалалардың авторы.

 

Латиф Абдулхайұлы Хамиди – композитор әрі ұстаз, Қазақ КСР Халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Қос композитор «Абай» операсын 1944 жылы ұлы ақынның 100 жылдығына арнап жазған болатын, содан бері қазақстандық опера театрлары дәстүрлі түрде өздерінің театрлық маусымдарын осынау туындымен ашып келеді. Композиторлар мол музыкалық мұра қалдырды (вокалдық әрі камералық шығармалар және т.б.), олардың шығармалары тұрақты түрде театр, концерттік залдардың сахналарынан шырқалып, қазақстандық орындаушылардың репертуарларынан лайықты орын алған.

Салтанатты мерейтойлық шаралар аясында «Астана Опера» театрының солистері мен әртістері «Абай» операсының қойылымымен (28-29 сәуір) қатар, композиторлардың туындылары, сондай-ақ қазақстандық сазгерлердің шығармалары шырқалатын «Қос кемеңгер» концерттік бағдарламасын ұсынады.

 

Ұзақтығы – сағат 30 минут