«Аида» Операсы (ЭКСПО)
Итальяндық композитор Дж. Вердидің «Аида» операсы біртуар режиссер және заманауи сценографт Франко Дзеффиреллидің (Ла Скала, Италия) қойылымында.
1868 жылы Суэцтік арнаның салтанатты ашылуына байланысты египеттік үкімет Вердиге ұлттық тарихтың сюжетіне опера жазуға ұсыныс жасады.
Премьерасы Каирдағы театрдың ашылуына орай жобаланған болатын, бірақ композитор тапсырысты қабылдамады. Бірақ 1870 жылы француз мысыртанушы О. Э. Мариеттаның сценарийімен таныс болған соң келісімін берді, онда ежелгі Мысырдың Нубияға (Эфиопия) қарсы фараондардың күресу заманынан шифрі ажыратылған папируста жазылған аңыз пайдаланылған. Операның прозалық мәтінін француз либреттошы К. Дю Локль (1832-1903) жазды, тақпақтық либретто А. Гисланцони (1824-1893). Верди сюжет жазу барысына белсенді түрде қатысып, ежелгі Мысырдың тарихы мен өнерін мұқият зерттеген.
«Аида» премьерасы 1871 жылы 24 желтоқсанында Каирде өтті, ал келесі жылдың 8 ақпанында – Миланда. Екеуі де триумфалды табысқа ие болды.
Италья тілінде орындалады
жас шектеулігі 12+