rebranding

Өнерім саған, Тәуелсіздігім

ӨНЕРІМ САҒАН, ТӘУЕЛСІЗДІГІМ

Тәуелсіздік Күніне арналған мерекелік концерт

17 желтоқсанда «Астана Опера» театрының Үлкен залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған «Өнерім саған, Тәуелсіздігім» атты мерекелік концерт өтеді.

Екі бөлімнен тұратын кең бағдарламада елімізде мекендейтін халықтардың достығы жырланып, «Астана Опера» театры опера және балет солистерінің орындауында музыкалық классиканың ең үздік шығармалары – қазақстандық және шетелдік композиторлардың мұрасынан танымал ариялар мен дуэттер, симфониялық туындылар, елімізде тұратын ұлттар тілдеріндегі әндер, сондай-ақ классикалық балеттерден па-де-де, заманауи отандық және шетелдік хореографтардың миниатюралары орындалады.

Балет труппасының көркемдік жетекшісі – Алтынай Асылмұратова, Ресейдің Халық әртісі

Бас хормейстер – Ержан Дәуітов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Дирижерлар – Абзал Мұхитдинов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері /

                            Арман Оразғалиев

 

Ұзақтығы – 2 сағат, үзіліспен

Дирекция өзіне орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын қалдырады