«Ох уж эти мальчики» Балқашта

Аймақтық актер Роман Сироткин өзінің өнерімен режиссер Герман Пехоткиннің көңілінен шығып, оның сериалында басты рөлді алу үшін бәріне дайын. 

Бұл сериалды қаржыландыруға ақшаны режиссердің әкесі береді екен, алайда оңай түрде емес... Баласы үйленіп, оған немере сыйласын деген шартпен ғана. 

Сонда байқаулардан өтпеген Роман Сироткин әйел киімін киіп, Германның әйелінің рөлін ойнауды бастайды. Бірсәтті түрленулер, күлкілі жағдайлар мен келеңсіздіктер бұл оқиғаны одан әрі шатастырып, қызықты етеді.

Алайда осы оқиғаның құпия режиссері бар екенін ешкім біліп жатқан жоқ. Жеңіл, еліктіргіш спектакль. Керемет актерлердің орындауындағы қызықтырғыш оқиға желісі көрермендердің көңілін әп сәтте көтеретін болады.