Scorpions в Алматы

Жалынды құштарлық

«Жалынды құштарлық»

концерті

2017 жылы 12 мамырда белгілі қазақстандық музыканттар – халықаралық байқаулардың лауреаттары Евгения Құрманаева (скрипка), «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Ермек Құрманаев (виолончель) және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты Гауһар Тасбергенованың (фортепиано) қатысуымен «Астана Опера» Камералық залында «Жалынды құштарлық» атты концерт өтеді.

Махаббатта құштарлық сезімі болмайды деп кім айтқан? Сүйіспеншілікте іңкәрлік болуға тиіс! Құштарлықсыз махаббат – күнсіз аспандай, ай мен жұлдызсыз түндей. Аталған сезім алуан қырлы болады: қуатты, нәзік, ессіз, абсолютті...

12 мамырда, көктемгі кеште орындалатын музыка адамның осындай керемет сезімдерін толық ашатын болады.

Түрлі дәстүрдегі, дәуір мен стильдегі композиторлар – А.Пьяццолла, Ж.Массне, Г.Форе, С.Рахманинов, Д.Шостакович, Р.Щедрин шығармаларын біріктіретін – жалынды құштарлық!

Бағдарлама:

А.Пьяццолла

«Буэнос-Айрестегі жыл мезгілдері»

«Libertango»

«Le Grand Tango»

«Oblivion» тангосы («Ұмыту»)

Ж.Массне. «Толғану»

Г.Форе. «Ояну»

С.Рахманинов. Виолончель мен фортепианоға арналған сонатадан анданте, соль минор. III бөлім, шығ.19

Д.Шостакович. Виолончель мен фортепианоға арналған сонатадан скерцо, ре минор, оp. 40

Р.Щедрин. «Альбениске еліктеу».

Орындаушылар:

Евгения ҚҰРМАНАЕВА (скрипка)

Ермек ҚҰРМАНАЕВ (виолончель)

Гауһар ТАСБЕРГЕНОВА (фортепиано)

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады