«Нуреев. Бостандыққа қарай қадам» қойылымы Алматыда
2007 жылдан бері «Бостандыққа қарай қадам. Рудольф Нуреевтың оқиғасы» бүкіл әлем бойынша көптеген көрермендердің көңілінен шықты. Ол бізге әлемдік деңгейдегі жұлдыз Рудольф Нреев туралы шынайы да түсінікті оқиғаны баяндайды. Көрермендер Нуреев үшін Иркутскіге жақын, ит өлген жердегі ауылда басталған және әлемнің үздік театр көріністерімен аяқталған даңқ жолына куә болады. Біз Нуреевтің әртүрлі қырларымен танысатын боламыз: тәжірибесіз және жас бала, Киров театрының тамаша бишісі және танымалдығы Битлз тобының танымалдығымен салыстырылған ұлы әртіс. Оның есімі газеттің бірінші беттерінен шықпаған еді, ол Францияның «Гранд опера» ұлттық театрын басқарған алғашқы орыс бишісі болды. Рудольф Нуреев әлемнің үздік театрында жұмыс істеу ережелерін ғана емес, әлемдік балеттегі классикалық би нормаларын да түбегейлі өзгерте отырып, орасан зор мұра қалдырды. Қойылымда көрсетілетін балет нөмірлері: «Париж жалыны», «Өлім үстіндегі аққу», «Гопак», «Мария Магдалина». Хореографиясы - Елизавета Меньшикова, музыкасы - Горан Брегович. Қойылым драмалық және балет өнерінің бірегей синтез жанрына жатады. Спектакль екі актіде өтеді. Антракт бар.