rebranding

«Жаңа Жыл» Қазақконцерт жұлдыздары

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» жұлдыздары елордалық көрерменді ғажайыпқа толы, ұмытылмас көңіл күй мен мерекелік атмосфера сыйлайтын Жаңа жылға арналған концертіне шақырады.

«Saz&Soul» тобы мен «Гүлдер» ансамблінің жаңа жылдық концертінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Құрмаш Махан, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Әлібек Әлмадиев, Рухия Байдүкенова және халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаттары Әмре, Дидар Абдухалық, Салтанат Меңдіғалиева, Жанна Сандыбаева, Гүлнәр Көшенова, Ербол Тәжібаев, Қуандық Шалқарұлы, Шырын Базарқұлова сынды ұйымның танымал эстрада әншілері мен композитор Әділжан Толықпаев, «Astana musical» театры, «T&Y» тобы өнер көрсетеді. Мерекелік концерттің бағдарламасында жаңа жыл тақырыбындағы әлемге әйгілі әуендер мен туындылар шырқалады.

Қыстың тамаша мерекелерінде Қазақконцерт жұлдыздары ұсынған сиқырлы-сазды музыка ертегі әлеміне берге саяхаттайық.