ЕРЕСЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН жаңажылдық шырша

Сезіп тұрсыздар ма? Балалық шақтағыдай, анамыз «Ирония судьбы» көріп, ас үйде дәмді жаңажылдық оливье әзірлеуде, ал әкеміз дәл Аяз Ата келетін уақытта аяқ асты жұмыстарымен кетіп қалатын шақ таяп келеді. 

Жаңажылдық шыршамызда ересек қонақтарымыз үшін ертегі мен шындық арасындағы шекара жойылмақ!

Балаларыңызды әжелеріне тапсырып, өздеріңіз керемет Мыстан кемпір, таңғажайып Ақшақар мен нағыз Аяз атамен кездесуге келіңіздер!

Балалық шақтың бейқам атмосферасын қайта сезіндіретін боламыз!