rebranding

Жаңажылдық үйшік

«Зазеркалье» қуыршақ театры сіздерді (бір жастан үш жасқа дейінгі) кішкентай көрермендерге арналған ерекше жаңажылдық baby-театр форматындағы қойылымға шақырады. 

- Жайлы мерекенің атмосферасына бөленіп, көрермендер жұмсақ көрпе мен жастықтарда орналастырылады. 

- Қойылым барысында актерлер көрермендермен қарқынды байланысқа түсіп, оларды қойылымның бір мүшесі ретінде сезіндіреді. 

Біздің сүйікті балақайларымызды ата-аналарымен, апа-аталарымен, барлықтарыңызды қуана шақырамыз! Бұл жаңажылдық мереке сіздерге арналған! 

«Зазеркалье» қуыршақ театрында кездескенше!

Үйшік бірге құрайық,
Оны жайлы қылайық.
Кім тұрады ол жақта? 
Мүмкін біздің Аяз Ата?