«Жаңа жылдық экспромт»
ASTANA OPERA Халықаралық опера академиясы ұсынады
Концерт
«Жаңа жылдық экспромт»
КОНЦЕРТ ОРЫС ТІЛІНДЕ ӨТЕДІ
Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут
Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз
Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады
«Жаңа жылдық экспромт» концерті танымалдыққа ие болып үлгерген «ASTANA OPERA Халықаралық опера академиясы ұсынады» топтамасы аясында өтеді.
Жас әртістер – Академияның тыңдаушылары тыңдармандар назарына жаңа жылдық мерекелер қарсаңында қуаныш пен шабыт шуағын сыйлайтын әлемдік опера классикасының музыкалық ариялары мен дуэттерінен шашу шашады.
ОРЫНДАУШЫЛАР:
Айгерім ТЕМІРБЕКОВА (сопрано)
Асылзат НҰҒЫМАНОВА (сопрано)
Дильназ ОМАРХАНОВА (сопрано)
Сара САДЫҒҰЛОВА (сопрано)
Рузиля ТЮМЕНЦЕВА (сопрано)
Василиса САВКИНА (меццо-сопрано)
Қуаныш БІЛӘЛ (тенор)
Абылай БЕКЕН (тенор)
Әділ СҰЛТАН (баритон)
Мунхтувшин ХОРОЛГАРАВ (баритон)
Вокал бойынша тәлімгерлер –
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері
Азамат Жылтыркөзов, Жұпар Ғабдуллина
Фортепиано партиясы –
Дина Мирманова, Зарина Бимендинова
Концерт жүргізушісі – Айсұлу Тәни
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.