Jana jyldyk shytyrman Астана қаласында
Өтетін орны: филармония.Е. Рахмадиева, Кенесары 32
Өтетін күні мен уақыты: 26-27-28-29 желтоқсан
10:00-қазақ тіліндегі спектакль
13:00-орыс тіліндегі қойылым
16:00-қазақ тіліндегі спектакль
Бағдарлама: жаңа жылдық қойылым және дискотека шоуы
Ұзақтығы: 2 сағат
Жас шектеуі: жоқ
Қосымша:
Оқиға біздің заманымызда Астана қаласында бастау алады. Бұл қазіргі заманның көзқарасымен қойылған жаңа «Қар ханшайымы».
Африкаға жол тартып, досын іздеуге шыққан Barbie -дің саяхаты. Жарық декорациялар мен реквизиттер, 40 биші-әртістердің қатысуымен болатын қайталанбас шытырман оқиғалар көрінісі барша көрерменнің тамсанысы мен қызығушылығын тудырары сөзсіз!
Теңіз тылсым құпияға толы. Barbie-дің саяхаты осы жерде жалғасын табады. Теңіз тұңғиығында ол мейірімді су асты тұрғындарымен қатар, қауіпті әрі алып Сегізаяққа кез болады - кәсіби декораторлар мен реквизиторлардың шеберлігі көрермендерді сахнада болып жатқан көріністің шынайылығына еріксіз сендіреді!
Қар Ханшайымының сарайы - оқиғаның шешуші көріністері орын алатын жер: Аяз Ата залдағы көрермендердің көмегі арқылы мұздан жасалған адамдар Қар ханшайымына қарсы шығып, баланы Ken-ді босатуға көндіреді.
Бірақ бұл оқиғаның соңы емес! Жеңімпаздарды «жарық-шоу» элементтерімен көңілді дискотека күтеді!
«ММ өнер-білім орталығы» Сіздерге естен кетпес мерекелік кеш сыйлауға дайын! Жаңа Жылды бізбен бірге қарсы алыңыздар!
Достармен бөліс
Келесі оқиғалар сізге қызық болуы мүмкін:



