Nomad Dance Gala
БАЛЕТ КЕШІ
Екі бөлімді
Nomad Dance Gala
***
М.Фокиннің «Шехеразада» балеті
Екі бөлімнен тұратын бағдарламада – заманауи қазақстандық қоюшылардың хореографиялық миниатюралары және Н.Римский-Корсаковтың музыкасына М.Фокиннің «Шехеразада» бір бөлімді балеті «Астана Опера» театры әртістерінің орындауында ұсынылады.
«Астана Опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі – Алтынай АСЫЛМҰРАТОВА, Ресейдің Халық әртісі.
I бөлім
Nomad Dance Gala
- «Жәрмеңке». «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің музыкасы. Анвара Садықова мен Алмат Шәмшиевтің хореографиясы
Балет әртістері
- «Дала үні» балетінен Қ.Шілдебаевтың музыкасына дуэт. Патрик де Бананың хореографиясы
Әсел ШАЙКЕНОВА, Олжас ТАРЛАНОВ
- «Асан мен Үсен». Халық музыкасы. Алмат Шәмшиевтің хореографиясы
Ерсұлтан ТОЙҒҰЛОВ, Абай ЮСУПОВ
- «Сарматтық абыз әйел». Steppe Sons альтернатив-фолк тобының музыкасы. Анвара Садықованың хореографиясы. Бақыт Қайырбековтің өлеңі
Әмина КИСЕМБАЕВА, балет әртістері
- «Мәңгүрт» (Mankurt). «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің өңдеуінде А.Райымқұлованың музыкасы. Сұлтанбек Ғұмардың хореографиясы
Камилла ОРМАНОВА, Нима ТОКОВ (дебют)
- «Дала үні» балетінен Р.Гайсиннің музыкасына дуэт. Патрик де Бананың хореографиясы
Айгерім БЕКЕТАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ғалымжан НҰРМҰХАМЕТ
- «Аңсау». Ардақ Елеусіздің музыкасы. Анвара Садықованың хореографиясы
Әнел РҮСТЕМОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Жақсылық САУҚЫМБЕКОВ
Домбыра: Ардақ Елеусіз, Тоғжан Үмбет
- В.Желобинскийдің музыкасына Сыған биі. К.Голейзовскийдің хореографиясы
Ғазиза МОЛДАХМЕТ
- «Қилы заман». «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің музыкасы. Патрик де Бананың хореографиясы
Сұлтанбек ҒҰМАР
- «RUH». Hassak этно-фольклорлық ансамблінің «Аманат» музыкалық композициясы. Сұлтанбек Ғұмардың хореографиясы
Ислам ҚАЙЫПБАЙ, балет әртістері (18.09)
Айдан ҚАЛЖАН, балет әртістері (19.09)
«АСТАНА ОПЕРА» БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ
ГАЛА-БАЛЕТ АУДИОЖАЗБАМЕН ӨТЕДІ
* * * * * * *
II бөлім
«ШЕХЕРАЗАДА»
Н.Римский-Корсаковтың музыкасына қойылған бір бөлімді хореографиялық драма
«Мың бір түн» араб ертегілерінің желісімен сценарий жазған – Михаил Фокин
Хореография авторы – Михаил Фокин (1910). Реконструкция авторы – Андрис Лиепа
Декорациялар мен костюмдер Лев Бакст эскиздері негізінде жасалған
Сарайда іші пысып, жабырқаулы күйде отырған сұлтан Шахриарды күңдер мен сүйген жары Зобеида жұбатып, көңілін аулауда. Сұлтанның інісі Шахезман да осы жерде, сүйікті жұбайының опасыздығынан кейін ол әйелдерге деген сенімін жоғалтқан. Жеңгелеріне де сене қоймаған ол ағасына олардың адалдығын сынап көру жайлы ұсыныс тастайды. Аң аулауға аттанған екеуін әйелдері көңілдері босап, шығарып салады. Алайда үй қожайындары кете салысымен, әйелдері белсіздер басшысын алдап-сулап, гарем есігін ашқызады. Қара нәсілді құлдар ішке кіріп, арсыз жын-ойнақ басталады. Мұнда билік етуші Зобеида да өзінің сүйікті Құлымен көңіл көтеруде. «Сауық-сайран» қыза түскенде ағалы-інілі сұлтандар қайтып оралады. Шахезман сөзінің расталғанына қуануда, ал қаһарланған Шахриар осы жердегінің бәрін өлтіруге бұйрық береді. Сұлтанның қызметшілері күңдерді, белсіздер мен қара нәсілді құлдарды қылыштарымен жайратып тастайды. Шахриардың өзінен артық сенетін жұбайы Зобеида патшаға деген ықпалын қолданып, оның көңілін жұмсартуға тырысады. Сұлтан болса, оны өлімге қия алар емес. Бірақ зұлым інісі жек көрушілікпен Зобеиданың қылышпен шабылған көңілдесін нұсқайды. Шахриар жендеттерге белгі берген сәтте, әйелі сұлтанның қолындағы қанжарды алып, өз-өзіне қол жұмсап үлгереді. Шахриар опасыз болса да сүйікті жарының өлі денесіне қарап, егіле жылайды.
БАСТЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ЖӘНЕ ОРЫНДАУШЫЛАР:
Зобеида – Айгерім БЕКЕТАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Анастасия ЗАКЛИНСКАЯ
Алтын құл – Серік НАҚЫСПЕКОВ /
Бақтияр АДАМЖАН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Шахрияр – Жәнібек ИМАНҚҰЛОВ
Шахезман – Сұңғат ҚЫДЫРБАЙ
Бас евнух – Жанәділ БЕЙСЕМБИЕВ
ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:
Қоюшы хореограф – Андрис Лиепа, Ресейдің Халық әртісі
Дирижер – Арман Оразғалиев
Қоюшы хореографтың ассистенті – Светлана Романова
Қоюшы суретші – Анатолий Нежный
Костюмдер бойынша суретші – Елена Нецветаева-Долгалева
Жарық бойынша суретші – Виталий Давыдкин
Спектакльді жүргізуші режиссер көмекшілері – Алтынғаным Ахметова, Айнұр Халелова
«АСТАНА ОПЕРА» БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ, СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ
«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.