Дымбілмес

Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының

ГАСТРОЛІ

Николай Макаревич

«ДЫМБІЛМЕС»

Балаларға арналған мюзикл

Орыс тілінде орындалады

Либретто авторы: Евгения Пермякова

Премьерасы 2023 жылғы 17 желтоқсанда өтті

ҚОЙЫЛЫМ ТОБЫ:

Композитор және дирижер: Николай Макаревич (Беларусь)

Қоюшы режиссёр: Евгения Пермякова

Хореография: Денис Айзин (Санкт-Петербор, Ресей)

Сценография және костюмдер: Любовь Сидельникова (Беларусь)

Әлемдік премьера! Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры үшін арнайы жазылған тамаша музыкаға сахналанған эксклюзивті спектакль. Ерте ме, кеш пе, әйтеуір, жанындағыларды өз идеяларымен баурап алған арманшыл бала туралы музыкалық оқиға. Сәтсіздіктерге мойымай, арманға ұмтылу – тура ол жайында. Бұл спектакльдегі кейіпкерлердің барлығы жарқын, жанды, ойнақы, жігерлі, ал музыка мен хореография көріністі ерекше «қыздыра» түседі.

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.